Skip to content

Видеогалерея

Loader Loading…
EAD Logo Taking too long?

Reload Reload document
| Open Open in new tab

Бүгін күн естелікке толы күн болды.Мұғалімдердің республикалық съезіне жиналған Қостанай облысынан келген делегаттар үшін жоспарланған бағдарламада Ұлттық музей, Әлихан Бөкейханов атындағы БИНОМ мектеп-лицейі, Ұлттық академиялық кітапхана, SEED мектепке саяхат білгенімізді көңейтіп, қажетті ақпарат жинақтауға мүмкіндік берді. К.Қуанышбаев атындағы театр ұжымының талантты жастары ұсынған «Шәмші» қойылымы әсерлі күнімізді жоғары көңіл-күйде аяқтады. Мен керемет әсер алдым. Өзімнің № 6 бөбекжайы ұжымыма осындай мүмкіндік үшін мың алғыс білдіремін. тәрбиеші Ж.Б.Отеуова 03.11.2023

№6   бөбекжайының   «Балапан  тобы»

Отанға деген сүйіспеншілік отбасына, туған жерге деген сүйіспеншіліктен басталады.

Балалық шақ – адам өміріндегі ең бақытты кезең, ал бейнелер, сезімдер, адамдар баланың санасында мәңгі сақталады. Балалық шағында туған жерге, жалпы Отанға деген сүйіспеншілік сезімі пайда болады. Жер бетінде өмір сүруге қолайлы көптеген әдемі жерлер бар, бірақ адам әрқашан дерлік өзінің туып-өскен жеріне қарай тартады. Ерекше нәзік жандылар бөтен жерде тұрып, жүрегіне жақын жерге бару мүмкіндігі болмаса, туған жерге деген сағыныштан зардап шегеді.

«Айналайын» тобы

Патриоттық тәрбиенің басты мақсаты – еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін, тыныштық пен бейбітшілікті сақтайтын, ұлтаралық мәдениетті дамытатын, еліміздің рәміздеріне құрметпен қарайтын, әлемдік деңгейде бейбітшілік пен өркениеттілікке өз үлесін қосатын адамгершілік мұраты биік патриот, намысын қаһарман, қайсар, жігерлі жас ұрпақты тәрбиелеу.

2023 жылғы 17 маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтайдың «Әділетті Қазақстан – Адал Азамат» атты отырысында Президент  Қ.К.Токаев жастарды патриоттық және мәдени — шығармашылық тәрбиелеу қажеттілігі туралы айтты.

Мектепке даярлық «Түймедақ» топтың тәрибешілері Б.Жолданова мен Г.Тыныштық осы тақырыпқа үлесіміздің қосамыз деген оймен өз тобының бүлдіршіндерімен бірге Ыбырай атасының мұражайына саяхатқа барып көп әсер алып келді.