Skip to content

Мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешісі бос лауазымдар конкурсын өткізу туралы хабарландыру

Конкурстың басталу күні: 2024 жылғы 31 шілде (жұмыстың басталу күні 2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап)

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің № 6 бөбекжай-бақшасы» КМҚК: Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, тоқымашылар көшесі, 4/2 уақытша бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту тәрбиешісі: — қазақ тілінде оқытатын топ 1 бірлік 2024 жылғы 01 қыркүйектен бастап.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту тәрбиешісі: — орыс тілінде оқытатын топ 1 бірлік 2024 жылғы 01 қыркүйектен бастап.

Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті бейін бойынша жоғары педагогикалық (мектепке дейінгі) немесе кәсіптік білім;

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын және Қазақстан Республикасының бағыттары мен білім беруді дамыту перспективалары, санитария және гигиена негіздері, Жас психологиясы мен педагогикасы, мектепке дейінгі білім беру мәселелері бойынша Әдістемелік құжаттар, еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасына алғашқы медициналық көмек көрсету қағидалары, санитариялық қағидалар, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастыру жөніндегі нормативтік — құқықтық құжаттар. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың педагогикасы мен психологиясының негіздері, жас ерекшелік физиологиясы мен гигиенасы, баланың  даму барысындағы жеке еркшіліктерін.

Ұйымның музыкалық жетекшісі 2 бірлік 2024 жылғы 01 Қыркүйек оның ішінде:

— мұғалімнің декреттік демалысы кезінде орыс тілінде оқытатын топқа 1 бірлік; 

— қазақ тілінде оқытатын топқа 1 бірлік.

Біліктілікке қойылатын талаптар: мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының музыкалық жетекшісі: жоғары, техникалық кәсіптік (музыкалық, педагогикалық білім) білім.
Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың педагогикасы мен психологиясы, Жас физиологиясы мен гигиенасы, балалардың жеке тұлғалық дамуының жеке ерекшеліктері, музыкалық қабылдау, эмоциялар, әртүрлі жастағы балалардың моторикасы мен музыкалық мүмкіндіктері, балалар репертуарының музыкалық шығармалары, тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі, музыкалық тәрбие әдістемесі, музыкалық аспапты кәсіби меңгеру, дәрігерге дейінгі медициналық көмек негіздері, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормалары, санитарлық ережелер мен нормалар.

 Қазақ тілі мұғалімі 2024 жылдың 01 қыркүйегінен бастап орыс тілінде оқытатын топтарға 1 бірлік.

Біліктілікке қойылатын талаптар: бейіні бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе техникалық және кәсіптік білім немесе жұмыс өтіліне талаптар қойылмай, педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат; және (немесе) біліктілігінің орташа деңгейі болған кезде: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог – зерттеуші үшін кемінде 4 жыл мамандығы бойынша жұмыс өтілі; және (немесе) біліктіліктің жоғары деңгейі болған жағдайда педагог-шебер үшін мамандық бойынша жұмыс өтілі – 5 жыл.

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын және Қазақстан Республикасының бағыттары мен білім беруді дамыту перспективалары, санитария және гигиена негіздері, Жас психологиясы мен педагогикасы, әдістемелік

Дене шынықтыру нұсқаушысы 2024 жылғы 01 қыркүйектен бастап қазақ және орыс тілдерінде оқытатын топқа 1 бірлік.

Біліктілікке қойылатын талаптар: біліктілікке қойылатын талаптар: «дене тәрбиесі»мамандығы бойынша жоғары педагогикалық немесе арнаулы орта кәсіптік білім. Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, ҚР Еңбек кодексін, «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын, Дефектология және тиісті әдістемелер (дамуында ауытқулары бар балалармен жұмыс істеу кезінде), санитария және гигиена негіздері, Жас психологиясы мен педагогикасы, алғашқы медициналық көмек көрсету, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы қағидалары, санитариялық қағидалар.

Барлық бос лауазымдар конкурсына қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі: 1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш; 2)жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін); 3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы және байланыс телефондары көрсетілген-Бар болса);
4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; 5)еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса); 6) «Денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген); 7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама; 8) Наркологиялық ұйымнан анықтама; 9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе біліктілік санатының болуы туралы куәлік. Сертификаттаудан өту нәтижелері туралы Сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

 

«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне және штат кестесіне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» ҚР Үкіметінің 31.12.2015 жылғы № 1193 қаулысына сәйкес еңбек сіңірген жылдары мен санатына қарай лауазымдық жалақысы . Конкурсқа қатысушылар оның біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіптік даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпарат бере алады (біліктілігін арттыру туралы, аттестаттаудан өту туралы, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан басшылықтың ұсынымдары және т.б.).

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар ресми сайттарда конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 7 жұмыс күні ішінде (2024 жылғы 01 қыркүйектен бастап осы конкурсқа қатысқан педагогтер жұмысының басталуы) ұсынылуы тиіс: http://kst-sad6.bilim.edu.kz

Сондай ақ бос жұмыс орны туралы ақпарат сайтта орналастырылған enbek.kz Анықтама телефоны: 8-705-446-33-24; Электрондық пошта: sad6@kst-goo.kz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *