Skip to content

Ата-аналарға

Құрметті ата-аналар!!!!!

Қазіргі уақытта Қостанай қаласы және жалпы Қазақстан бойынша қызылша ауруының тұрақсыз эпидемиологиялық жағдайы байқалады.

Қызылша — адамның ең жұқпалы инфекцияларының бірі, өйткені инфекция көзімен байланысқаннан кейін қызылшаға қарсы вакцинацияланбаған адамдардың 90% — дан астамы ауырады.

Ауру адамнан адамға ауа арқылы, тыныс алу жолдарынан бөлінетін тамшылар немесе жұқтырған

адамдардың мұрнынан, тамағынан бөлінетін заттардың ауа тамшылары арқылы тарауынан жұғады.

Балалар арасындағы аурушаңдық негізінен екпеден бас тарту, сондай-ақ екпеден медициналық босату және вакцинация жасына жетпеу салдарынан егілмеген балалар арасында тіркеледі.

Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізеді.

Естеріңізге сала кетейік, қызылшаны жұқтырудан, сондай-ақ олардың асқынуларының алдын алатын жалғыз тиімді құрал-бұл тек вакцинация.

Балалардағы қызылшаның асқынуы ауыр түрінде көрінуі мүмкін. Қызылша жаңа туған нәрестелер, жас балалар және жүкті әйелдер үшін, сондай-ақ иммунитеті төмен адамдар үшін ең қауіпті.

Қызылшаға қарсы вакцинация 1 жастан 6 жасқа дейін 2 рет жасалады, бұл 6-12 жылға созылатын вакцинациядан кейінгі иммунитетті дамытуға мүмкіндік береді. Қызылшаға қарсы вакцинаның әрбір алынған дозасы баланың иммунитетін күшейтеді. Бүгінгі таңда эпидемиологиялық жағдайға байланысты 6 айдан 11 айға дейінгі және 2 жастан 4 жасқа дейінгі балаларды 11 айдан 29 күнге қосымша жаппай иммундау енгізілуде.

Екпелерді жүргізу үшін ДДҰ сертификаттаған және Қазақстан Республикасында тіркелген қызылшаға, қызамыққа, эпидемиялық паротитке қарсы аралас вакцина қолданылады.

 Вакцинация тұрғылықты жері бойынша қаланың емханаларының барлық егу кабинеттерінде тегін жүргізіледі.

Есіңізде болсын, ауруды емдеуден гөрі алдын-алу оңай!


Название Скачать
1 Ата — аналарға  жүктеу
2 Жұмыс жоспары жүктеу
3 Жұмыс кестесі (график работы) жүктеу
4 Құжаттар тізімі жүктеу

13.07.2023 г.

«Алақай жаз!» Жазғы демалыс кезіңдегі балалардың өмір қауіпсіздігі

Жаз-балалар үшін сауық-сайран мен жайбарақаттық кезең.  Ата-аналар өте мұқият болу керек, себебі демалыс орындарында иүрлі қауіптер болуы мүмкін. Сондықтан əр ата-ана жаз мезгіліндегі қауіпсіздік ережелерімен таныс болған жөн.

 ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗ ЕРЕЖЕЛЕР» тақырыбында ата-аналарға жадынама ұсынады 1) Жол қауіпсіздігі; 2) Өрт қауіпсіздігі; 3) Судағы қауіпсіздік ережелері; 4) Табиғаттағы қауіпсіздік т.б бойынша

Балалардың демалып және сау болуы үшін, ата-аналармен, туысқандарымен, достарымен демалысты ұйымдастыру кезінде бірқатар ережелер мен талаптарды есте сақтау керек. Балалар бойына жеке қауіпсіздігін сақтау дағдыларын қалыптастырыңыздар; балалармен жеке әңгіме жүргізіңіздер; маңызды ережелерді түсіндіріңіздер; оларды ұстану өмірлерін сақтауы мүмкін; баланың бос уақыты мәселесін шешіңіз. Есте сақтаңыз! Қараңғы түскен уақыт пен түнде (22.00-ден 06.00-ге дейін) балалар мен жасөспірімдерге үлкендерсіз көшеде жүруге заңды түрде тыйым салынады. Өз балаңыздың қайда, кіммен жүргені туралы үнемі біліп отырыңыз, барған орнын бақылаңыз; бөгде адамдармен сөйлесуге тыйым салыңыз. Балаңызға егер біреу оған қиянат жасағысы келсе, әрқашан кімге болса да «жоқ» деп айтуға толық құқығы бар екенін түсіндіріңіз; қандай жағдай болмасын танымайтын адамдардың көлігіне отыруға болмайтынын түсіндіріңіз; не болса да, балаңызға қандай жағдай болмасын оның болған уақиға туралы сіздің білуіңіз қажет екенін айтып, оған ашуланбайтыныңызды, оның жағында болатыныңыз туралы сендіріңіз. Құпияда ұстауға уәде берсеңіз де, кейбір фактілерді құпияда ешқашан сақтауға болмайтынын түсіндіріңіз. Судағы жүзу мен ойындар рақаттанғаннан басқа баланың өмірі мен денсаулығына қауіп туғызады. Балаңыз суда болған уақытта одан көз алмаңыз, басқа нәрсеге алданбаңыз- сол сәттегі минут қайғылы жағдайға ұшыратуы мүмкін, балаларға жалғыз суда шомылуға, сонымен қосабілмейтін жерде сүңгуге болмайтынын міндетті түрде түсіндіріңіз, балаларға қарап отырған ересек адамның өзі де жүзуді, алғашық көмек көрсетуді білуі тиіс, қолдан дем алдыру мен тікелей емес жүрек уқалауын жасауды жүргізуді білуі тиіс. Жол-көлік уақиғасының құрбаны немесе себепші болмауы үшін, балаларға жол жүру ережелерін үйрету қажет, жолда және қоғамдық көлікте мұқият болуды үйретіңіз; балалармен ойын және спорт алаңында, жорыққа шыққанда абайлаңыз және қауіпсіздік талаптарын сақтаңыз; велосипедте, квадроциклда, мопедте, мотоциклда балармен жүру ережені жаттаңыз. Есте сақтаңыз! 14 жасқа толмаған балаларға велосипедті автомагистраль мен соған тең жолдарда жүргізуге, ал 16 жасқа толмаған балаларға скутерді (мопедті, квадроциклді) жүргізуге тыйым салынады. Отпен мұқият болыңыздар. Отпен мұқият болмағандықтан өрт жағдайларының кең тараған уақиғаларына балалардың назарын аударыңыз; баланың отпен сотқарлығы; сөндірілмеген көмірлер; сөндірілқалдықтары, сіріңкелер; саяжай мен орман жиегіндегі жер иелерінің қоқысты жағулары; шөптерді өртеу; қысқа мерзімге тұйықталу; электротехникалық құрылғыларды, тұрмыстық құралдарды, пештерді пайдалану. Балалар табиғаттан бейқам және сенгіш екенін есте сақтаңыз. Балаларда алаңғасарлық болатына назар аударыңыз. Сондықтан, өзін ұстаудың оңай ережелерін балардың есіне жиі салуыңыз, олардың есте сақтап және оны қолдануына мүмкіндік береді. Сіз оны үнемі естеріне салып отыруға міндеттісіз.